Амано Иранның ядро саласындағы істерінің бейбіт сипатты екенін тағы да растады
(last modified Mon, 07 Mar 2016 15:03:47 GMT )
Нау 07, 2016 21:03 Asia/Almaty
  • Амано Иранның ядро саласындағы істерінің бейбіт сипатты екенін тағы да растады

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры осы органның Иранның ядро саласындағы істерінде ешқандай ауытқушылық байқамағанын қуаттады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Юкия Амано дүйсенбі күні Австрияның Вена қаласында Басқарма Кеңесінің кезекті отырысында мәлімдеме оқып, Басқарма Кеңесінің «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының орындалуына қатысты АҚХА- ның бірінші есебін алғанына сілтеме жасап, АҚХА-нің Иранның ядро саласындағы істерінен ешқандай ауытқушылық байқамағанын мәлімдеп: «Иран қосымша протоколды уақытша орындауды 16- шы қаңтардан бастады» деді.

Амано осыған қатысты бейтарап есептер ұсынудың жалғасатынын қуаттап: «АҚХА 2016 жылы бірінші наурызда «Ирандағы қорғаныс нысандарының дұрыстығын анықтау бюросы» атты қорғаныс нысандары департаментінде жаңа бір бөлім ашты» деді.

АҚХА- ның бас директоры сондай- ақ техникалық ынтымақтастықтар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің 2231- ші қарары бойынша Иранның АҚХА- ның көптеген шараларына, соның ішінде техникалық отырыстары мен конференция және оқыту курстарына қатыса алатынын мәлімдеді.