Салехи: Иран жаңа атом стансаларын іске қосуға шешім қабылдады
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы: «Иранның оңтүстігіндегі Бушерде жаңа атом стансаларын іске қосқан соң елде жылына 22 млн баррель мұнай үнемделетін болады»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи сенбі күні кешке Иранның орталық бөлігіндегі Натанз уран байыту кешенінде атом саласындағы шәһидтерді еске алу рәсімінде: «Екі стансаның инвестициялық көлемі – шамамен 10 млрд доллар. Бұл елдегі ең ірі өнеркәсіптік жоба болып табылады»,-деді.
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы, сондай-ақ, ресейлік мамандардың осы екі стансаны салуға қатысқанын хабарлап: «Ресеймен ынтымақтастық келісімінде бұл жобаны орындауда жергілікті өнеркәсіптегі техникалық мүмкіндіктерді пайдалануға көңіл аударылған»,-деді.
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына да тоқталып: «Қаңтар айының он бесінде осы бағдарламаның орындалғанына бір жыл толады. Қарсы тарап көптеген уәделерін бұзғанымен осы салада жақсы жетістіктерге қол жеткізілді»,-деді.
Салехи 220 тонна байытылған уран оксидының импортын, Иранда алғашқы ядролық аурухана салу туралы меморандумға қол қоюды, уран экспортын, бәрінен маңыздырақ уран байыту құқығының ресми түрде танылуын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жетістіктері деп атады.