Құм қаласында аятолла Хашеми Рафсанджанидың жетісі өтті
Теһранның оңтүстігінде орналасқан Құм қаласындағы хазірет Фатима Масуменің (ғ.) кесенесінде аятолла Хашеми Рафсанджанидың жетісі өтті.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша, жексебі күні кешке аятолла Хашеми Рафсанджанидың жетісіне байланысты өткен рәсімге аятоллалар, діни танымал тұлғалар, Құм діни семинариясының ұстаздары, Эксперттер кеңесіндегі Құм халқының өкілдері, үлемдер, Құм қаласының басшылары, студенттер мен халықтың түрлі табының өкілдері қатысты.
Құм діни семинариясы үлемдерінің бірі Хосейни Қоми имандылық, джиһад, сабырлық мен табандылық, адалдық пен батылдықты аятолла Хашеми Раясанджанидың шахтық режимге қарсы күрес пен Ислам революциясының жеңісінен кейінгі кезеңдегі негізгі қасиеттері деп атап: «Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының марқұм басшысы өз өмірінің түрлі кезеңдерінде үнемі ұлттық құндылықтарды қорғап, Иран халқына адал қызмет ету жолында қадамдар жасады»,- деп баса айтты.
Хосейни Қоми Ислам революциясының жетекшісі мен үлемдердің және Иранның жер-жеріндегі халқының аятолла Хашеми Рафсанджанидың тұлғасына сараптама жасауына сілтеме жасап: «Ислам қозғалысының ұлы тұлғаларының ғылыми және күресшіл талпыныстары мен әрекеттерін болашақ ұрпаққа жеткізу керек»,- деді.