Рухани: Хашеми революция жетекшісінің оң қолы болды
(last modified Mon, 16 Jan 2017 07:40:07 GMT )
Қаң 16, 2017 13:40 Asia/Almaty
  • Рухани: Хашеми революция жетекшісінің оң қолы болды

ИИР президенті Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Хашеми Рафсанджанидің қазасын ауыр қайғы деп атап: "Революцияның жетекшісі өзінің мықты қолдаушысынан айрылды",- деді.

Иран президентінің ақпарат тарату торабының хабарлауы бойынша, Хасан Рухани жексенбі күні кешке өткен Үкіметтің отырысында сөйлеген сөзінде марқұм аятолла Хашеми Рафсанджанидың шын мәнінде революцияның мәртебелі жетекшісінің оң қолы болғанын қуаттады.

ИИР президенті аятолла Хашеми Рафсанджанидың Иран, революция мен ислам үшін жасаған қызметтерін бұл кісіні еске алу рәсімдеріне халықтың көптеп келуінің негізгі себебі деп атады.

Сондай-ақ Рухани Үкімет мүшелері мен марқұм аятолла Хашеми Рафсанджаниды құрметтейтін баршаға халыққа көбірек қызмет етіп, ол кісінің мұрасын сақтауда революция жетекшісіне қолдау көрсетуді сұрады.

 

Тегтер