Салеһи: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бірінші болып бұзбайды
(last modified Wed, 18 Jan 2017 07:41:38 GMT )
Қаң 18, 2017 13:41 Asia/Almaty
  • Салеһи: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бірінші болып бұзбайды

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Иранның еш уақытта бірінші болып бұзбайтынын қуаттады.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһи сейсенбі күні әл-Джазире телеарнасына берген сұхбатында Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бірінші болып бұзбайтынын қуаттап: «Егер АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының келісімін жыртып тастаса, Иран еш нәрсесінен айрылмайды. АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының келісімін бұзатын болса, Иран өзінің ядролық бағдарламасын америкалықтарды айран-асыр ететіндей қайтадан іске қосады»»,- деді.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты  бағдарламасына өзгеріс енгізбейтінін немесе ол туралы қайтадан келіссөздер жүргізбейтінін қуаттап: «Вашингтон ядролық мәселеге қатысты келісімді қабылдауы керек немесе оны бұзуына қатысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алуы керек»,- деді.

 

 

Тегтер