Велаяти: Астана келіссөздері Сирия үкіметі мен халқының жеңісінің нәтижесі болып табылады
(last modified Wed, 18 Jan 2017 16:12:44 GMT )
Қаң 18, 2017 22:12 Asia/Almaty
  • Велаяти: Астана келіссөздері Сирия үкіметі мен халқының жеңісінің нәтижесі болып табылады

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Қазақстанның елордасы Астанада өтетін алдағы келіссөздерді Сирия үкіметі, халқы және одақтастарының жеңісінің нәтижесі деп атады.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти сәрсенбі күні Теһранда Эмад Мұхаммад Хамисті қабылдауда: «Ымыра орнату және Астанада алда өтетін келіссөздер лаңкестердің өз демеушілері тарапынан жабдықталуы үшін мұрсатқа айналмауы керек» деді.

Велаяти Американы лаңкестерді демеушілердің көшбасшысы деп атап: «АҚШ басынан Сирияның заңды үкіметін құлатуды мақсат етті, бірақ қазір әскери салада жеңіліске ұшыраған соң Астана отырысына қатысуға талпыныс жасауда» деді.

Иран Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Иран ислам республикасының Американың Астанадағы отырысқа қатысуына қарсы екендігін айтып, Астана саммитінің Сирияның жер тұтастығының сақталуына, бөгделердің араласуының тоқтатылуына және Сирияда абыройлы бейбітшіліктің қалыптасуына көмегі тиюіне үміт білдірді.

Сирия премьер-министрі Эмад Мұхаммад Хамис те Сирия халқының лаңкестердің толығымен көзі жойылғанша күресетінін қуаттап, елінің Теһранмен ұзақ мерзімді стратегиялық қатынас жасауға мүдделі екендігін мәлімдеді.