Алеппоның азат етілуі мен ымыраның орнатылуы – Сириядағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың бастамасы
(last modified Wed, 18 Jan 2017 16:21:31 GMT )
Қаң 18, 2017 22:21 Asia/Almaty
  • Алеппоның азат етілуі мен ымыраның орнатылуы  – Сириядағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың бастамасы

ИИР президенті Алеппоның азат етілуі мен ымыраның орнатылуын Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату жолындағы маңызды екі қадам деп атады.

ИИР президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Теһранда Сирия премьер-министрі Эмад Мұхаммад Хамисты қабылдауда Сирия халқының лаңкестермен шайқастағы соңғы жеңістерімен құттықтап: «Алеппоның азат етілуі Сирия халқының лаңкестерге қарсы өз елін жақсы қорғайтынын және лаңкестік топтар мен олардың демеушілерінің ешқашан өз мақсаттарына жетпейтінін көрсетті.

Сирияның барлық достарының мақсаты осы елге бейбітшілік пен тұрақтылықты қайтару және Сирия халқының өз елінің келешегі үшін шешім қабылдауы болып табылады» деді.

Рухани Қазақстанның елордасы Астанада өтетін алдағы саммиттің «сириялық- сириялық» шынайы келіссөз үшін және Сирия халқының ойдағыдай мақсатқа қол жеткізуі үшін бастама болуына үміт білдірді.

Сирия премьер-министрі   де Алепподағы жеңісті халықтың баяндылығы мен төзімділігі және Сирия армиясының жанпидалықтары мен Иранның Сирияға аянбай қолдау көрсетуінің нәтижесі деп атап: «Сирия үкіметі мен халқы лаңкестерге қарсы тұруға және елге қауіпсіздікті қайтаруға бекем бел буып отыр» деді.