Украинаның Радасы елге шетелдік әскерилердің енуіне рұқсат беретін заң жобасын қабылдады
Қаң 19, 2017 23:00 Asia/Almaty
Украинаның Радасы елге шетелдік әскерилердің енуіне рұқсат беретін заң жобасын қабылдады.
Украинаның Радасы бейсенбі күні қабылдаған заң жобасына сәйкес 2017 жылы шетелдік күштерге осы елде әскери жаттығу өткізуге рұқсат етіледі.
Украина Радасының жалпы 236 мүшесі осы заңды бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Украина президенті Петр Порошенко Рададан 2017 жылы өтетін әскери жаттығуларға қатысу үшін шетелдік күштердің елге енуіне рұқсат ететін заң жобасын бекітуді сұраған болатын.
Бұл заң АҚШ армиясының күштері мен Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО- ға мүше өзге елдердің күштеріне қатысты бекітілетін болады.
Тегтер