Мәртебелі жетекші Теһрандағы "Plasco" ғимаратындағы оқиғаға байланысты үндеу жолдады
Теһранның орталығындағы "Plasco" сауда кешеніндегі өрт апаты мен ғимараттың құлауынан кейін Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла улузма Хаменеи үндеу жолдап, оқиға құрбандарының отбасыларына көңіл айтып, басшылардан апатқа ұшырағандарды құтқаруға күш салуды талап етті.
«Халықты құтқару қимылдарында өздеріне үлкен қауіп төніп, қиын сынаққа душар болған өрт сөндірушілердің ерлігі мен жанпидалығы кеудені мақтанышқа, сонымен қатар алаңдаушылық пен қайғыға толтырады.
Қазіргі кезде үйіндінің астында қалғандарды құтқару түшін барынша талпыныс жасау керек. Оқиғаның себептерін анықтау – келесі мәселе» деп қуаттады.
Ол сондай-ақ барлық басшылардан осы бірнеше сағат ішінде талпыныс жасағандары сынды талпыныстарын жалғастыруды және артық сөзден гөрі міндеттерін жылдам атқарып, үйіндінің астында қалған кісілерді құтқару үшін талпынысты еселетуді талап етті.
Мұның алдында президент те Теһрандағы "Plasco" ғимаратындағы өрт апатына байланысты құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтқан үндеу жолдады.
Теһрандағы "Plasco" ғимаратының өртенуі оқиғасында бірнеше өрт сөндіруші үйіндінің астында қалды.