Теһран жұма намазының құтпагері: Халифе әулетінің үкіметі өзінің легитимділігінен айрылды
(last modified Sat, 21 Jan 2017 09:56:22 GMT )
Қаң 21, 2017 15:56 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпагері: Халифе әулетінің үкіметі өзінің легитимділігінен айрылды

Теһран жұма намазының уақытша имамы: «Үш бахрейндік жасты өлім жазасына кесу Халифе әулеті режимінің легитимділігінен айрылуына соқтырды»,- деді.

Казем Сидиққи осы аптадағы жұма намазының құтпаларында: «Бахрейн халқы өздерінің заңды азаттығы мен құқықтарына қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Алайда бұл елді билеуші режим бахрейндіктердің азаттыққа ұмтылу әрекеттерін басып-жаныштауда. Қазірде бұл режимның абақтысы бахрейндік азаттықты насихаттайтын үлемдер мен азаттық сүйгіш адамдарға лық толы.

Бахрейндіктердің Иран ислам революциясының табандылықтарын үлгіге алуы мен күнәсіз жандардың қанының төгілуі жақында  Бахрейн режимін биліктен тайдырады»,- деді.

Жұма намазының құтпагері қаңтар айының жиырма үші мен жиырма төрті аралығында Қазақстанның елордасы Астанада өтетін Сирия дағдарысы мен осы елдегі атысты тоқтату бітіміне байланысты келіссөздеріне сілтеме жасап: «Бұл отырыс Сириядағы атысты тоқтату бітімін қабылдау мен лаңкестік топтардың қоршауындағы Ауфа мен Куфрия ауылды мекендерінің халқын құтқаруымен аяқталар»,- деген үміт білдірді.

Сонымен қатар Казем Сидиққи «Фаджр» онкүндігі мен Ислам революциясының жеңісі қарсаңында: «Иран ислам революциясының жеңісі – Шығыс пен Батыс алпауыттарының негіздерін дүр сілкіндірген нұрдың жарылысы, ислам әлемінің мұғжизасы және иманның құдіреті мен Иран халқы рухының көрінісі»,- деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Теһран жұма намазының имамы Теһрандағы Plasko сауда орталығының қирауы салдарынан өрт сөндіру қызметкерлерінің қаза болып, жарақаттануына байланысты көңіл айтты.