Иранның Мәдениет министрі: Лаңкестік пен экстремистік және тәкфіршіл ағымдар шекара танымайды
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі ортақ дағдарыстардың еш уақытта саяси шекаралармен шектелмейтіндігін, сондай-ақ лаңкестік пен экстремистік және тәкфіршіл ағымдардың шекара танымайтындынын қуаттады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Реза Салеһи Амири дүйсенбі күні Мешхед қаасында өткен «Иран мен араб әлемінің мәдени келіссөздері» атты халықаралық конференцияның жабылу рәсімінде: «Исламды қатыгез көрсету – осы илаһи дін үшін ең үлкен қатер. Бұл мәселеге қарсы тұру үшін исламдық бірлік қажет. Исламдық бірлік жолында бірлік орнатып, бір-бірімізге көмектесіп, діни қайшылықтардан өту арқылы қадам басуымыз керек»,- деді. Ол мәдени келіссөздерді келіспеушіліктерді шешу саласындағы ислам әлемінің рухани сүннетіне оралу деп атап: «Аймақ пен әлемнің қайшылықтарға толы жағдайында Мешхед қаласында Иран мен араб әлемінің мәдени келіссөздерінің нәтижесі мәдени ынтымақтастыққа қарай жарық жол ашады»,- деген үміт білдірді.
«Иран мен араб әлемінің мәдени келіссөздері» атты бірінші халықаралық конференция сенбіден бері араб әлемінің 12 мемлекетінің 85 көрнекті тұлғасының қатысуымен Теһран, Мешхед, Құм және Қазвин қалаларында бір мезгілде өтті.