АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық қоқан-лоққысына реакция білдірді
АҚШ: «Біз Солтүстік Кореяның ядролық қоқан-лоққысына байсалды түрде қараймыз, бірақ Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығу өткізу бағдарламасынан бас тартпаймыз»,-деп мәлімдеді.
Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің ақпарат өкілі Джон Кёрби дүйсенбі күні Солтүстік Кореядан арандатушылық әрекеттерді доғаруды сұрап:
«Егер Пхеньян арандатушылық әрекеттерімен Корея түбегіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндірмесе, АҚШ пен Оңтүстік Кореяға бірлескен әскери жаттығу өткізу қажет болмас еді»,-деп уәж айтты.
АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуы дүйсенбі күні Корея түбегінде 17 мың америкалық күш пен 300 мың кореялық әскеридің қатысуымен басталды.
Солтүстік Корея бұл әскери жаттығуды өзі үшін ауыр қатер деп атап, АҚШ пен Оңтүстік Кореяға ядролық шабуылмен қоқан-лоққы жасады.