Ғасеми: Ұлыбритания адам құқығы жөнінде уәж айта алмайды
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: Ұлыбритания адам құқығы жөніндегі «қара әрекеттерге" толы тарихымен әлемде адам құқығын жоғарылату туралы уәж айта алмайды» деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары Джойс Энлидың Ирандағы адам құқығының жағдайы туралы араласушылық мәлімдемесіне көрсеткен реакцияда: «Джойс Энлидың бұрыс, орынсыз, арандатушылық және араласушылық мәлімдемесі әдеттегідей сенімсіз дереккөздерінен алынған негізсіз мәлімет болып табылатындықтан, айыпталады.
Тәуелсіз мемлекеттерге қысым жасау үшін адам құқығы тақырыбын құрал ретінде саяси және насихаттық тұрғыдан қолдану қазіргі кезде ескі де әсерсіз құралға айналған.
Иран өз азаматтарына қарсы адам құқығы жөнінде негізсіз уәж айтуды өзінің ішкі ісіне араласу санап, қабылдамайды.
Босқындар мен мигранттардың және мигрант жұмысшылардың, әсіресе балалар мен әйелдердің құқығын бұзу, Ұлыбританияның ұшқышсыз ұшақтарының Сирияның кейбір аймақтарына шабуыл жасауы мен осы елдегі бейкүнә азаматтардың өлуі, Сауд Арабиясына дамыған жойқын қарулар сату арқылы Йемен халқына қарсы қырғын мен рақымсыз қылмыс және ойрандыққа атсалысуы Ұлыбритания үкіметінің адам құқығын бұзу шараларының бір бөлігі болып табылады» деді.