Рухани: Иранның күш-қуаты – аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығының тірегі
(last modified Thu, 26 Jan 2017 08:10:01 GMT )
Қаң 26, 2017 14:10 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның күш-қуаты – аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығының тірегі

ИИР Президенті Иранның күш-қуатын аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығының тірегі деп атады.

ИИР Президенті Хасан Рухани  сәрсенбі күні кешке Теһранда Кувейт әмірінің арнайы елшісі әрі осы елдің Сыртқы істер министрі Саббах әл-Халед әл-Хамд әл-Саббахпен кездесуде: «Иранның сыртқы саясаты – өзара құрмет, тату көршілестік және исламдық бауырластық негізінде көршілес ислам елдерімен қарым-қатынасты одан ары дамыту.

Иран Ислам революциясынан кейінгі кезде дұшпандардың басқыншылығына ұшыраса да, өзі ешқашан ешбір елге басқыншылық жасамай, өзінің аймақтағы кез-келген шабуыл мен лаңкестікке қарсы ең маңызды тосқауыл екенін дәлелдей алды»,-деді.

ИИР Президенті Таяу Шығыс аймағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің тек аймақтық елдердің, әсіресе көршілес елдер арасындағы диалог, достық пен әріптестіктің арқасында орнайтынын айтып: «Аймақ елдері мен ұлттарының дамуының  тұрақтылық пен қауіпсіздік саласында баршаның мүддесіне сай екендігінде күмән жоқ»,-деді.

Кувейт әмірінің арнайы елшісі Саббах әл-Халед әл-Хамд әл-Саббах та осы кездесуде Кувейт әмірінің жазбаша жолдауын Иран Президентіне тапсырып: «Кувейттің әмірі, үкіметі мен халқы әрдайым Иран үкіметі мен халқына аса зор құрметпен қарап, бұл елдің аймақтағы ықпалын маңызды санайды»,-деді.