Құм қаласында шәһидтерді еске алу рәсімі өтті
Сәрсенбі күні кешке Иранның орталық бөлігінде орналасқан Құм қаласының хазірет Масуме (ғ.) кесенесінің имам Хомейни (р.) атындағы намаз оқитын залында үлемдер, діни танымал тұлғалар мен әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдерінің қатысуымен Теһранның «Plasco» оқиғасында шәһид болған өрт сөндірушілер мен Бахрейннің шәһидтерін еске алу рәсімі өтті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Құмның «Әл-Мұстафа әл-Аламие» қоғамының ғылыми кеңесінің мүшесі осы рәсімде өрт сөндіруші шәһидтердің халықты құтқару үшін өз жандарын пида еткенін айтып, Халифе әулетінің қолынан шәһид болған Бахрейн жастарын еске алып: «Құран Кәрімнің аяттарына сәйкес, Алла жолында шәһид болатын адамдар барзах өмірінде болады. Бұл бір ерекше өмір. Оның басқа адамдар қайтыс болған соң түсетін өмірден көп айырмашылығы бар»,-деді.
Насер Рафии, сондай-ақ, өрт сөндіруші шәһидтердің жоғары орнын ұлықтап: «Шиіттік және сүнниттік рауаяттарда халықты су мен оттан қорғау үшін өз жандарын қатерге тігетін адамдар бұл жолда қаза болса да, Алладан сауап пен шәһидтік сыйлыққа ие болады»,-деді.
Осы уақытқа дейін «Plasco» ғимаратының үйінділерінің астынан 10 өрт сөндірушінің мәйіті шығарылды. Ауруханада шәһид болған өрт сөндірушіні қосқанда жалпы қаза болған өрт сөндірушілердің саны 11-ге жетті.