Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 28 Jan 2017 06:26:20 GMT )
Қаң 28, 2017 12:26 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Арабстанды Ирак пен Йеменде халықтың қырылуы, тұрақсыздықтың жайлауы мен инфрақұрылымдардың қиратылуына жауапты деп атады.

Аятолла Мұхаммадали Моваххеди Кермани Теһранның осы аптадағы жұма намазының құтпаларында Арабстан Сыртқы істер министрінің Иранның Ирак пен Йемен елдерінің ішкі істеріне араласуы туралы жуырда айтқан уәждеріне тоқталып: "Әлемнің барлық халықтары Арабстан мен оның тікелей қолдауы арқылы Ирак пен Йеменде, Бахрейн мен Сирияда жасап жатқан қылмыстарын біледі. Арабстан мен кейбір аймақтық және трансаймақтық елдер әскери шабуылдардың көмегімен Сирияның заңды президенті Башар Асадты биліктен кетіреміз деп ойлады. Алайда, олардың саясаттарының салдары қантөгіс пен қирату болды" деді.

Аятолла Моваххеди Кермани сонымен қатар АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың қызметінің басталуына тоқталып, оған АҚШ-тың бұрынғы прзиденттерінің қате әрі екіұшты саясаттарын жалғастырып, басқа елдердің ішкі істеріне араласудың орнына осы ел халқының қиыншылықтарын шешуге кеңес берді.

Аятолла Моваххеди Кермани сонымен қатар Ислам революциясы жеңісінің жылдығына тоқталып: "Иранда 1978 жылы орын алған революцияның табысқа жетуі оңай іс болған жоқ. Көптеген ирандық жастар Иран халқын Ислам революциясына жеткізу үшін осы жолда азапталып, шәһид болды" деді.