АҚШ Иранның ядролық міндеттемелеріне берік екендігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i2389-АҚШ_Иранның_ядролық_міндеттемелеріне_берік_екендігін_қуаттады
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Иранның «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы бойынша өз міндеттемелеріне берік болғанын қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 08, 2016 21:34 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранның ядролық міндеттемелеріне берік екендігін қуаттады

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Иранның «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы бойынша өз міндеттемелеріне берік болғанын қуаттады.

ИРНА- ның хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Джон Кёрби дүйсенбі күні өткен ақпарат отырысында Иранның «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы бойынша өз міндеттемелеріне берік болғанын Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иранның ядро саласындағы істері туралы жаңа есебіндегі ең маңызды жайт деп атап: «Иран тарапынан келісімшартқа берік болудан басқа ештеңе байқалған жоқ. Бұл жөнінде нық сеніммен ашық айтылады» деді.

Ол Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Юкия Аманоның Иранның ядро саласындағы істері туралы АҚХА- ның соңғы есептері жалпылама түрде таратылады деген мәлімдемесі туралы тілшілерге берген жауабында: «АҚХА- ның сараптамалық есептері Иранның «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы бойынша өз міндеттемелеріне берік болғанын растайды. Америка үшін осы жеткілікті. Вашингтон АҚХА- ның есебінде таратылған мәліметтердің қысқартылуы туралы тәптіштеуді қажет санамайды» деді.