Лариджани: Лаңкестікті қолдайтындар Трамптың виза беруді шектеу тізіміне енгізілмеген
(last modified Thu, 02 Feb 2017 08:39:00 GMT )
Ақп 02, 2017 14:39 Asia/Almaty
  • Лариджани: Лаңкестікті қолдайтындар Трамптың виза беруді шектеу тізіміне енгізілмеген

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Францияның Сыртқы істер министрімен кездесуінде: «Лаңкестікке қолдау көрсететін елдер АҚШ Президенті Трамптың виза беруді шектеу тізіміне енгізілмеген»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша,  Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Теһранда Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эромен кездесіп, тіпті АҚШ Президентінің сөздерінен кейін де Иранның  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік екенін айтып: «Осы бағдарлама бойынша АҚШ тарапынан атқарылуы тиіс болған ірі елдер арасында банктік қатынас орнату сияқты  кейбір шаралар жүзеге асырылған жоқ. Иран мен Франция арасындағы сауда қарым-қатынасының деңгейі артып келеді. ИИР осы байланыстарды ғылым және мәдениет салаларында да кеңейтуді қалайды»,-деп мәлімдеді.

Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро да «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін Иран мен Франция арасындағы тауар айналымының 200 пайызға өскенін айтып, осы бағдарламаның баптары барлық тараптар арқылы, соның ішінде  АҚШ тарапынан сақталынатындығына үміт білдірді.

Эро АҚШ-тың жаңа үкіметінің кейбір елдердің азаматтарына виза беруге тыйым салу туралы шарасына алаңдаушылық білдіріп: «Бұл шара бейберекеттік туындап, мигранттардың құқықтарының бұзылуына себеп болады»,-деп баса айтты.