Зариф Иран мен Арменияның ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі аймақта лаңкестікпен күрес жүргізіп, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін Иран мен Арменияның ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін қуаттады.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Теһранда Арменияның Қорғаныс министрі Виген Саркисянмен кездесуінде: «Аймақтағы экстремистік және лаңкестік қауіп-қатерлерге байланысты Иран мен Армения осы қатерлермен күресу үшін екіжақты әріптестік жасауы қажет»,-деді.
ИИР Сыртқы істер министрі Иран мен Арменияның бұрыннан қалыптасқан тарихи қарым-қатынасына тоқталып: «Экстремистік ағымдар әртүрлі діндердің атауымен таралып жатқан кездегі дамып келе жатқан екі елдің қарым-қатынасы үлгі тұтарлық»,-деді.
Арменияның Қорғаныс министрі Виген Саркисян да осы кездесуде аймақтық мәселелерді шешуде басты рөл атқаратын ел Иранмен байланысты кеңейтудің Ереван үшін өте маңызды екенін қуаттады.
Арменияның Қорғаныс министрі ИИР Президенті Хасан Руханидің Арменияға сапарын өте маңызды деп бағалап: «Сол сапардан кейін екі елдің қарым-қатынасында жаңа өзгерістер орын алды»,-деді.