Неліктен сионистік режим Иранмен тоздыратын соғыстан қорқады?
(last modified Tue, 17 Jun 2025 03:57:17 GMT )
Маусым 17, 2025 09:57 Asia/Almaty
  • Неліктен сионистік режим Иранмен тоздыратын соғыстан қорқады?

ParsToday – Walla жаңалықтар сайтының сарапшысы мақаласында сионистік режимнің Иранмен араздық соғысынан қорқуының себептеріне тоқталды.

Иранның қарулы күштерінің жоғары дәрежелі қолбасшылары, көрнекті ғалымдары мен жазықсыз азаматтары, әсіресе балалардың шәһид болуына әкеліп соқтырған сионистік режимнің ИИР-ның әртүрлі аймақтарына жасаған шабуылына жауап ретінде Иран Ислам Республикасы жұма күні кешке басып алынған жерлерге шабуылын бастады және осы шабуылдың аяқталуы әлі жарияланған жоқ.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Walla жаңалықтар сайтының сарапшысы Денис Странович мақаласында: «Израиль қазіргі уақытта Иранмен қақтығыстарының шыңында, бірақ шын мәнінде Израильге қауіп төндіретін үлкен мәселе - бұл соғыстың Иранмен ұзақ мерзімді тоздыратын соғысқа сырғып кетуі», деп жазды.

Странович былай деп қосты: «Егер соғыс созылса, оның ауыр жүгі Израиль экономикасы мен қоғамын күйретеді».

Сионистік қауіпсіздік зерттеулер орталығының зерттеушісі және Израильдің әскери барлау қызметіндегі Иран үстелінің бұрынғы басшысы болған бұл сионистік сарапшы: «Израиль қайраткерлерінің Иранның ядролық немесе зымырандық бағдарламасын толығымен тоқтатуға мүмкіндігі жоқ екенін және Иранмен соғысты тез арада тоқтатуы керектігін түсінуі өте маңызды»,- деп баса айтты.

Ол былай деп қосты: «Израиль шенеуніктерінің мәлімдемелері де олардың бұл соғысты қалай аяқтау керектігін білмей абдырап қалғанын көрсетеді».