Иран – лаңкестікпен күресте сенімді мемлекет
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран ислам республикасы Батыс Азия аймағының алпауыт мемлекеті ретінде лаңкестік және әсірешілдікпен күрес үдерісінде сенімді мемлекет болып табылады» деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: «Иран ислам әлеміне рухани ықпалымен және ДАИШ лаңкестік тобының әсірешілдігіне қарсы діни парасаттылықтың белгісі ретінде лаңкестікпен күресте Батыс үшін сенімді және тұрақты серіктес болып табылады.
Лаңкестік шекара танымайды. Оны жақсы мен жаманға бөлу тиімсіз. Лаңкестікпен шынайы күрес үшін әлем бір ортақ түсіністікке жетуі керек.
Иранның өзге елдермен ынтымақтастығы Батыс Азия аймағы мен Еуропадағы дағдарыстар мен қиыншылықтарды, соның ішінде босқындар дағдарысы, Сирия мен Йемен дағдырысын және лаңкестіктің қауіпті құбылысын шешуде, сондай-ақ Ирак пен Сирия және Ауғанстанда оған тосқауыл қоюда әсерлі болады» деді.