Велаяти: Қарабақ мәселесінің әділ шешілетіндігіне үміттенеміз
(last modified Thu, 02 Feb 2017 16:50:44 GMT )
Ақп 02, 2017 22:50 Asia/Almaty
  • Велаяти: Қарабақ мәселесінің әділ шешілетіндігіне үміттенеміз

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Армения мен Әзірбайжан республикасы арасында арағайындық жасаумен Қарабақ мәселесінің әділ шешілуіне үміт білдірді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти Теһранда Армения Қорғаныс министрі Виген Саркисянды қабылдауда Қарабақ мәселесінің Армения мен Әзірбайжан республикасының байланысына көлеңке түсіріп отырғанына Иранның риза еместігін мәлімдеп: «Иранның Армения және Ресеймен ынтымақтастықтары келешекте жалғаса алатын аймақтық ынтымақтастықтың үлгілеріне жатады» деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы сионистік режим секілді кейбір бөгде режимдердің адамдарының аймаққа ықпалына қатысты ескерту жасап: «Иран бөгделердің, атап айтқанда Израиль режимінің араласушылық әрекеттерінен хабардар. Олардың бүлдіргі әрекеттерінен сақ болу керек» деді.

Армения Қорғаныс министрі Виген Саркисян да осы кездесуде Иран мен Армения арасындағы ынтымақтастықтар көлемі мен ортақ түйткілдердің болуын Теһран мен Ереванның әріптестіктері үшін жақсы дәлел деп білді. Виген Саркисян сондай- ақ Армения премьер-министрінің алдағы уақытта Иранға сапар шегетінін хабарлады.

Армения Қорғаныс министрі дүйсенбі күні кешке Теһранға келді. Ол Иран президенті, Мәжіліс төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы, Сыртқы істер және Қорғаныс министрлерімен кездесіп, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы сұхбаттасты.