Ғасеми: АҚШ-тың уәждері негізсіз
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің Иранның зымырандық сынақтарының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына қайшы деген уәждерін теріске шығарды.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің Иранның зымырандық сынақтарының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына қайшы деген уәждерін теріске шығарып: «АҚШ үкіметі өзінің қару-жарағын сатуға нарық табу мақсатында аймақ елдері арасына іріткі салудың орнына өз одақтастары тарапынан Йеменде жасалып жатқан соғыс қылмыстарынан бойын аулақ салғаны дұрыс. Иран АҚШ-тың аймақтық және халықаралық міндеттемелерге қайшы әрекеттер жасап жатқанын ескертті. Кез-келген қоқан-лоққыны жасау халықаралық құқықтарға қайшы болумен қатар, АҚШ-тың көптеген үкіметтеріне мұндай қоқан-лоққылардың Иран халқының табандылығына әсер етпейтіні дәлелденді»,-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы, сондай-ақ, АҚШ үкіметінің кейбір елдердің, соның ішінде Иран азаматтарының кіруіне шектеу қою туралы жөнсіз әрі кемсітушілік сипаттағы шешімін айыптап: «Бұл шара АҚШ басшыларының халықаралық заңдар мен ережелерге көзжұмбайлық танытатынын көрсетеді»,-деді.