Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күшінің қолбасшысы дұшпандарға ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/iran-i24005
Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күшінің қолбасшысы: «Егер дұшпандар қауіп төндіретін болса, Иранның зымырандары олардың басына жаңбырдай жауады» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 05, 2017 08:05 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күшінің қолбасшысы дұшпандарға ескерту жасады

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күшінің қолбасшысы: «Егер дұшпандар қауіп төндіретін болса, Иранның зымырандары олардың басына жаңбырдай жауады» деді.

«Sepah News» агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күшінің қолбасшысы бригада генералы Әмир Әли Хаджизаде сенбі күні "Велаят территориясын қорғаушылар" жаттығуының негізгі кезеңі аясында кейбір америкалық басшылардың Иранға қоқан-лоққы жасауын бос сөз деп атап: «Иран қарулы күштері ие әлеуетке сәйкес исламдық жүйеге қарсы жасалатын шетелдік қоқан-лоққы әсерсіз. Иран қорғаныстық қару өндіруде және өз әлеуетін күшейтуде тіпті бір сәтке кідірмейді.

Велаят территориясын қорғаушылар толығымен жергілікті құрылғылар мен жабдықтарды қолдануымен ерекшеленеді. Осы жаттығуда қолданылған барлық құрал- жабдықтар, соның ішінде зымырандық құрылғылар, радарлық құрылғылар, қолбасшылық бақылау орталықтары мен радиоэлектрондық соғыс Иран ғалымдары мен мамандарының қолымен жасалған» деді.

Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күші алғаш рет отандық радарлық құрылғыларымен "Су" қырғи ұшақтары тастаған бомбалардың ізін кесті.