Иран СІМ АҚШ-тың палуандар командасына виза беруге келісті
https://itolqyn.com/news/iran-i24011-Иран_СІМ_АҚШ_тың_палуандар_командасына_виза_беруге_келісті
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы осы ведомствоның арнайы комитетінің АҚШ-тың палуандар командасына виза беруге келіскенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 05, 2017 14:21 Asia/Almaty
  • Иран СІМ АҚШ-тың палуандар командасына виза беруге келісті

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы осы ведомствоның арнайы комитетінің АҚШ-тың палуандар командасына виза беруге келіскенін хабарлады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жексенбі күні: «АҚШ-тың федералдық сотының үкімімен ирандық азаматтардың АҚШ-қа кіруіне қарсы кемсітушілік сипаттағы шектеулерді орындаудың тоқтатылғанын ескеріп және ИИР Күрес федерациясының басшысы мен Халықаралық күрес федерациясы басшысының өтінішіне сәйкес, АҚШ-тың палуандар командасына Иранның батысындағы Керманшах қаласында өтетін күрестен әлем чемпионатына қатысу мақсатында виза беруге келісім берілді»,-деп хабарлады.

Еркін күрестен әлем чемпионаты 16-17 ақпанда Иранның батысындағы Керманшах қаласында өткізіледі деп жоспарлануда.