Иран СІМ АҚШ-тың палуандар командасына виза беруге келісті
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы осы ведомствоның арнайы комитетінің АҚШ-тың палуандар командасына виза беруге келіскенін хабарлады.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жексенбі күні: «АҚШ-тың федералдық сотының үкімімен ирандық азаматтардың АҚШ-қа кіруіне қарсы кемсітушілік сипаттағы шектеулерді орындаудың тоқтатылғанын ескеріп және ИИР Күрес федерациясының басшысы мен Халықаралық күрес федерациясы басшысының өтінішіне сәйкес, АҚШ-тың палуандар командасына Иранның батысындағы Керманшах қаласында өтетін күрестен әлем чемпионатына қатысу мақсатында виза беруге келісім берілді»,-деп хабарлады.
Еркін күрестен әлем чемпионаты 16-17 ақпанда Иранның батысындағы Керманшах қаласында өткізіледі деп жоспарлануда.