Дұшпан Иранның бір миллиард мұсылманға үлгі болуынан қорқады
Иран Сот билігінің төрағасы дұшпанның негізгі уайымы мен қорқынышын Иран ислам республикасының әлемдегі бір миллиард мұсылман үшін үлгіге айналуы деп атады.
Иран Сот билгінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани Теһранда "Үстем жүйе және ықпал ету ағымы" атты форумда сөйлеген сөзінде: «Үстемшіл жүйенің Иранға ықпал етуге ұмтылу себептерінің бірі ислам республикасының аймақтық ықпалды ұлы алпауытқа айналуы болып табылады.
Үстемшіл жүйе Иран ислам республикасын тіршілік тәсілі таухидтік және Құран тағылымдарына негізделген аймақтағы идеологиялық және іс жүзіндегі бақталасы санайды. Ислам республикасы жүйесі құрани және таухидтік көзқарасқа негізделіп, қайырымдылық істен бастау алады. Дұшпан осы пікір мен амалдан қорқады» деді.
Ол Батыстың Ливан Хезболласынан алаңдауы және оны лаңкес деп атауы жөнінде: «Ливан Хезболласы мен Йемен және Ирактағы өзге топтар исламдық тағылымдардан бастау алған» деді.