Иранға 149 тонна байытылған уран оксиді жеткізілді
ИИР-ның Атом энергиясы ұйымының төрағасы 4 жүк рейстері арқылы Иранға 149 тонна байытылған уран оксидінің жеткізілгенін хабарлады.
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи жексенбі күні Фарс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Қаңтардың жиырма алтысынан бері тасымалдау үдерісі басталған 149 тонналық байытылған уран оксидінің соңғы бөлігі Иранға ақпан айының жетісі күні жеткізіледі.
Өткен жылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыру ісімен бір мезгілде Иранға шамамен 210 тонна уран жеткізілді. Оның 3,5 пайызға байытылған бөлігі шет елдерге жіберілген болатын.
Мұның алдында Иранға 210 тонна байытылған уран оксиді жектізілді. Осы жолғы 149 тоннаны қосқанда жалпы уранның мөлшері 359 тоннаға артты»,- деді.