Келесі жылы ядролық екі электр стансасының құрылысы басталады
Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы келесі жылы Бушерде екі мың мегават электр өндіру әлеуетіне ие жаңа екі стансаның құрылысының басталатынын хабарлады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Салехи үлемдермен кездесу аясында осы келісімшарттың алғашқы қайтарымының 185 миллион доллар көлемінде төленгенін мәлімдеп: «Келісімшарттың құны шамамен 40 мың миллиард тұманды құрайды. Бұл соңғы екі жылдағы ең үлкен өнеркәсіптік келісімшарт саналады» деді. Ол қазіргі кезде Бушерде бір реактордың жұмыс істеп жатқанын айтып: «Жақында Бушерде екі жаңа реактор салу үшін мыңдаған ирандық және шетелдік мамандар жұмысқа кіріседі» деді.
Салехи мырза жаңа стансаларды отынмен қамтамасыз ету жөнінде: «Ресеймен келісімшарттар жасалды. Осы стансаларды отынмен қамтамасыз етуге қатысты еш алаңдаушылық болмайды. Ядролық аурухана салудың да жұмысы аяқталып қалды» деді.