Иран мен Белоруссия парламенттерінің төрағалары ортақ ынтымақтастықтарды ұлғайтуды қуаттады
(last modified Mon, 06 Feb 2017 16:01:59 GMT )
Ақп 06, 2017 22:01 Asia/Almaty
  • Иран мен Белоруссия парламенттерінің төрағалары ортақ ынтымақтастықтарды ұлғайтуды қуаттады

Иран мен Белоруссия парламенттерінің төрағалары ортақ ақпарат отырысында парламенттік ынтымақтастықтарды ұлғайтуды, екіжақты жақты, аймақтық және халықаралық мәселелерді қуаттады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы дүйсенбі күні Теһранда Белоруссия парламентінің төрағасы Михаил Мясниковичпен бірге өткізген ақпарат отырысында Иран мен Белоруссияның екі ел арасындағы сауда ынтымақтастықтарын ұлғайтуға келіскенін хабарлап, Теһран мен Минсктің осы елдердегі инвесторларды қолдайтынын қуаттады.

Иран мәжілісінің төрағасы сондай-ақ лаңкестікпен күресті екі ел келіссөзінің өзекті тақырыптарының бірі деп атап: «Иран мен Белоруссия лаңкестікпен күресті аймақтық ортақ ынтымақтастықтармен жалғастыруға болады деп санайды» деді.

Белоруссия ұлттық мәжілісінің республикалық кеңесінің төрағасы Михаил Мясникович та осы кездесуде екі елдің барлық негіздегі ынтымақтастықтарын ұлғайтуды қуаттап, елінің "Ортақ қадам" келісімінен кейінгі кезеңді Иранға қарсы санкциялар жойылған соң Иранмен экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастықтарды кеңейту үшін мейлінше пайдаланатынын мәлімдеді.