Иран халқына қарсы қоқан-лоққы сәтсіздікке ұшырайды
(last modified Tue, 07 Feb 2017 08:04:56 GMT )
Ақп 07, 2017 14:04 Asia/Almaty
  • Иран халқына қарсы қоқан-лоққы сәтсіздікке ұшырайды

Иран президентінің бірінші орынбасары Иран халқымен қоқан-лоққы тілімен сөйлескен үкіметтер мен тұлғаларды майдандағы ең басты жеңілуші тарап деп атады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ  Джаһангири дүйсенбі күні Иранның оңтүстік-батысындағы Абадан әуежайында Иран халқының қоқан-лоққы жасау мен қорқытуды қабылдамайтынын қуаттап: "Иран мәмілеге келуді құптайды. Алайда Иран халқымен қоқан-лоққы тілімен сөйлесетін адамдар міндетті түрде жеңілетін болады" деді.

Ол АҚШ президентінің ирандық азаматтардың АҚШ жеріне күруіне тыйым салу мақсатындағы жуырдағы әрекеті жайлы: "Америкалықтар жаман тәсілді таңдады. Олардың бұл тәсілден бас тартып, мәмілеге келу жолын таңдайтындықтарына үміттенеміз" деді.

Иран президентінің бірінші орынбасары сонымен қатар Иран мен АҚШ арасында биік сенімсіздік дауалының тұрғанын айтып: " Иранның көптеген мәселелеріндегі америкалықтардың рөлі Иран халқының есінен ешуақытта кетпейді" деді.