Сардар Хаджизаде: Сақшылар корпусының түрлі баллистикалық зымырандарымен 700 шақырымдағы нысананың көзі жойылды
Сақшылар корпусының әуе- ғарыш күшінің қолбасшысы «Діни жетекшінің айбындылығы» жаттығуының соңғы кезеңінің басында ұшырылған зымырандардың 700 шақырымдағы нысананы соғып, оның көзін жойғанын мәлімдеді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күшінің қолбасшысы сардар Әмир Әли Хаджизаде «Діни жетекшінің айбындылығы» жаттығуының соңғы кезеңінің басталғанына және баллистикалық зымырандардың сәтті ұшырылғанына сілтеме жасап: «Басқа жаттығулардан өзгеше тәсілмен осыдан бірнеше күн бұрын алыс, орта және жақын қышықтыққа қолданылатын түрлі баллистикалық зымырандарды ұшыру арқылы исламдық Иранның түрлі аймақтарында басталған осы жаттығу бүгін таңертең алғашқы минуттарда өзінің соңғы кезеңіне енді.
«Діни жетекшінің айбындылығы» жаттығуының соңғы кезеңінің басында ұшырылған зымырандар 700 шақырымдағы нысанаға тиіп, оның көзін жойды» деді.
Сақшылар корпусының әуе- ғарыш күшінің қолбасшысы «Діни жетекшінің айбындылығы» жаттығуының түрлі кезеңдерінде атқарылған шараларды баяндап, соңғы бірнеше күнде 2000, 800, 500 және 300 шақырым қашықтыққа түрлі баллистикалық зымырандардың ұшырылып, ирандық түрлі зымырандардың сынақтан өткенін мәлімдеді.