Ислам революциясы жетекшісінің АҚШ-тың саясаттарының болмысы туралы көзқарасы
(last modified Wed, 08 Feb 2017 08:30:41 GMT )
Ақп 08, 2017 14:30 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сейсенбі күні ИИР қарулы күштерінің әуе күші мен әуе қорғаныс базасының қолбасшылары мен қызметкерлерін қабылдауында АҚШ президентінің Иранның осы елдің бұрынғы үкіметіне алғыс айту қажеттігі туралы сөздеріне тоқталып: "Американың жаңа президенті сөзі және істерімен Американың билік аппаратының жан-жақты түрде бұзылғаны туралы Иранның 38 жыл бойы айтып келе жатқан сөзін әшкере түрде қоғамдық пікірге дәлелдеді" деді.

Иран армиясы әуе күші қызметкерлерінің 1979 жылдың ақпан айының сегізі күні  хазірет имам Хомейнимен тарихи серт байласуының жылдығында өткен осы кездесуде революция жетекшісі Исламға сүйенген жүйе мен билікке қарсы  адамдарға үміт артып, оларға сенудің үлкен қателік екенін еске салды.

Иран халқы Ислам революциясының жеңісінен кейінгі қырық жылға жуық мерзімде ешуақытта АҚШ-тың адал қатынас жасайтындығына үміттенбеген. Обама мен АҚШ-тың басқа президенттерінің Иранға қатысты іс-әрекеттері арасында айырмашылық болды деген пікір қате болып табылады.Мұндай сөздер тек АҚШ-тың шынайы болмысынан хабарсыздықтың белгісі болып табылады. Трамп бұл сөздерімен АҚШ пен Иранның қарым-қатынасының өткені мен қазіргі жағдайы туралы дұрыс түсінігінің жоқ екендігін көрсетті. Революция жетекшісі айтқандай "Обама АҚШ-тың темір жұдырығын барқыт қолғапқа тығып" қойып, өзгерістер туралы сөз қозғаған кезде және Иран бұл сөздерді естігенде бүгінде Трамп «Иран бұрынғы заманды көксеп немесе Обаманың Иранмен татуласқаны үшін оған алғыс айтуы керек» деген пікір айтатындай шаттанған жоқ болатын.

Егер Трамп өткенге зер сала қараса,  Обаманың Иранмен татуласпай қана қоймай, мүмкіндігінше АҚШ-тың беделін сақтап қалып, күн тәртібінде барлық варианттардың болуы туралы айтып жүргенін көреді. Обама тіпті Ақ үйдегі қызметінің соңғы күндері де санкцияларды ұзартып, Иранға қатысты төтенше жағдайды ұзарту заңына қол қою арқылы Иранмен жауластықты жалғастыру үшін Трампқа бар жолдарды ашып берді. Шын мәнінде, Обама Буштың жолын жалғастырса, қазір Трамп Обаманың ізін басып отыр.

Джордж Буштың дұшпандық саясаттары шеңберінде Иранға қарсы көптеген негізсіз айыптар тағылды. "Өзгеріс енгізу" ұранымен Ақ үйге аяқ басқан Барак Обама да тек АҚШ-тың Иранға қатысты көптеген қателіктер жасағанын мойындап, АҚШ-тың 1953 жылғы Моссадықтың заңды үкіметіне қарсы төңкерістен бастап Саддамның Иранға қарсы соғыс таңуына дейінгі оқиғалардағы рөлі туралы сөз қозғады. Обама "Ортақ қадам" келісіміне қол қояр кезде: "Егер мүмкіндік болса, Иранның ядролық бағдарламаларын тоқтатар едік" деген еді. Алайда Обама ақырында өз абыройына нұқсан келтірмес үшін аталмыш келісімге қол қоюды ұйғарды. Трамп кейбір мәселелерге, соның ішінде, "Ортақ қадам" келісіміне қатысты өзгеше ұстаным қабылдауы мүмкін, алайда мұндай өзгерістерге сәйкесінше жауап берілетін болады. Себебі Иранның көзқарасы бойынша, Трамп басқаратын АҚШ-тың 38 жыл бұрынғы Америкадан еш айырмашылығы жоқ. АҚШ Иранмен жауласқаннан басқа ешнәрсе жасаған жоқ. Билікте болған екі партияның әрбіреуі Иранның дұшпандары болды. Сол себепті АҚШ-тың Иранға қатысты саясаттары мен мақсаттарын назарға алсақ, Иран халқының пікірінше, Обама мен Трамп арасында ешқандай айырмашылық жоқ. ИИР АҚШ-та қай партия билікке келсе де өзінің принциптік саясатын жалғастыратын болады.