АҚШ үкіметінің басшылары Иранға қоқан-лоққы жасаудың пайдасыз екенін біледі
(last modified Thu, 09 Feb 2017 04:29:45 GMT )
Ақп 09, 2017 10:29 Asia/Almaty
  • АҚШ үкіметінің басшылары Иранға қоқан-лоққы жасаудың пайдасыз екенін біледі

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы, бригада генералы, сардар Мұхаммад Әли Джафари: «Дұшпандар, әсіресе Америка соңғы жылдары Иранның ұлылығы мен айбындылығын анық мойындады» деді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы, бригада генералы, сардар Мұхаммад Әли Джафари сәрсенбі күні Иранның батысында орналасқан Хамаданда жиһад пен қарсыласу әдебиетін атап өтудің алтыншы кезеңі рәсімінде: «Кейбір америкалық сарапшылар өз елінің жаңа президентіне «Америка алпауыт болу идеясын ұмытуы керек» деп кеңес берген.

Иран ислам революциясының ең үлкен жетістігі дұшпандар мен бөгделердің революцияның ұлылығын мойындауында. Бұл ислам республикасын алпауыт, ал ислам революциясын ұлы деп мойындаудың бір түрі болып табылады» деді.

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы сондай-ақ, «Фаджр» он күндігімен құттықтап, халықтың қасиетті қорғаныстағы және ислам революциясының жалғасуындағы шешуші рөліне сілтеме жасап, Иран халқының 11-ші ақпан шеруіне жаппай қатысу арқылы ислам революциясының әрдайым ұлылықпен өз жолын жалғастыратынын көрсетуге үміт білдірді.