Эксперттер мәжілісі Иран халқының 11- ші ақпан шеруіне салтанатты түрде қатысатынын қуаттады
Эксперттер мәжілісі өз мәлімдемесінде Американың шынайы бейнесінің күннен күнге айқындалып, ислам революциясының негізін қалаушының мазлұм, езілген ұлттардың билеп- төстеушілерді жеңуі негізіндегі илаһи уәдесінің жүзеге асатынын қуаттады.
Эксперттер мәжілісі сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде Иран халқын 11-ші ақпан шеруіне жаппай қатысуға шақырып: «Бахрейн, Йемен және Нигерия мұсылман елдеріндегі езілуші халықтардың зұлымдықпен күресу толқыны салтанатты исламдық революцияның арқасында қалыптасып, исламның жаулары үшін сахнаны тарылтып отыр. Әлемдегі езгідегі халықтар исламдық Иран халқының 11-ші ақпан күнгі шеруіне айбындылықпен қатысуына көз тігіп отыр. Сондықтан шәһидтердің пәк қаны мен үлемдер және төңкерісшіл халықтың күрестерінің жемісі болып табылатын исламдық жүйе сақталуы тиіс.
Әлемдегі бүгінгі ояну 1979 жылғы 11-ші ақпан күнгі Иран ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің жетекшілігіндегі Иран халқының көтерілісінен бастау алып отыр. Иран халқының миссиясы ислам революциясын жалғастыру әрі исламдық жүйені асқақтату болып табылады» деп қуаттады.