Ислам революциясының Сақшылар корпусы: Революция жаңа ислам өркениетіне үміттендіреді
(last modified Thu, 09 Feb 2017 08:08:07 GMT )
Ақп 09, 2017 14:08 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының Сақшылар корпусы: Революция жаңа ислам өркениетіне үміттендіреді

Ислам революциясының Сақшылар корпусы өз мәлімдемесінде Иран халқын 22 баһман шеруіне жаппай қатысуға шақырып: «Ислам революциясы өзінің аймақтық және трансаймақтық ықпалымен жаңа жәһілдік заманда жаңа исламдық өркениеттің пайда болуына үміттендіреді»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттінің хабарлауы бойынша, Ислам революциясының Сақшылар корпусының мәлімдемесінде: «Революциялық дискурсты қалыптастыру ИИР-на қарсы қоқан-лоққылар мен түйткілерді жоюға бағытталған билікті дамытудың кепілі  болып табылады.

Революцияның жеңісі мен ИИР жүйесінің пайда болуы әлемдік билік бөлінісінде стратегиялық алшақтық тудырды. Бұл Иранды аймақта алпауыт елге, халықаралық қатынаста қуатты ойыншыға айналдырды.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы әлемнің түкпір-түкпіріндегі ирандықтарды дұшпанның Иранның тежеуші күш-құдіретін жоюға бағытталған стратегиясын сәтсіздікке ұшыратып, ИИР Қарулы күштерінің қолбасшылығымен ешқашан дұшпанның бой көтеруіне жол бермейтіндігіне сендіреді»,-қуатталған.