Ақп 09, 2017 20:06 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Американың Иранға қатысты өшпенділігі өзгерген жоқ

Иран ислам республикасы СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Америкада өзгерістер болған шығар, бірақ Американың Иран мен ирандықтарға қатысты өшпенділігі өзгерген жоқ» деді.

Бахрам Ғасеми Ақ Үйдің ақпарат хатшысының сөздеріне көрсеткен реакцияда: «АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімдері мен әрекеттері және осы елдің кейбір жаңа басшыларының бұрыс сөздері туралы күн сайын түрлі ақпараттардың жариялануы мен соңғы күндері Американың түрлі қалалары мен әлемнің өзге аймақтарында өтіп жатқан жаппай наразылықтар Америкада президенттің өзгергенін айқын аңғартады» деді.

Ақ Үйдің ақпарат хатшысы Шон Спайсер жуықта: «Иран Америкада жаңа президенттің билік басына келгенін білмейді» деді. Иран ислам республикасы СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Өзгермеген нәрсе Американың Иранға қатысты өшпенділігі болып табылады. Осы қысқа мерзім ішінде сол елде жаңа президенттің билік басына келуімен әлем ескі өшпенділіктің шет жағасына куә болып отыр.

Бірақ, өзгермеген тақырып Иран үкіметі мен халқының тәуелсіздікке қатысты талап-жігері мен иманы, Ақ Үй басшыларының астыртын әрекеттеріне, артық талаптары мен дұшпандықтарына тосқауыл қою үшін абыройлы және парасатты бағытын жалғастыруы болып табылады» деді.

 

 

Тегтер