Рухани: Иран – лаңкестікпен күрестің жаршысы
ИИР президенті Иранды аймақ пен әлемде лаңкестікпен күрестің жаршысы деп атады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран президенті Хасан Рухани бейсенбі күні елшілер мен Теһранда тұратын шетелдік өкілдердің қатысуымен өткен ислам революциясы жеңісінің 38-ші жылдығын атап өту рәсімінде: «Иран Ирактың құрдымға кеткен диктаторы Саддам мен Талибанды аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін қауіпті деп, аймақтағы барлық елдерге ескерткен алғашқы ел болды. Ұлттардың бірлігі, әлемдік идеялардың сұхбаты, қатыгездік пен әсірешілдікті қабылдамау үшін бейбітшілік қажет. Иран аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалайды, егер мемлекеттер көзқарас айырмашылығына ие болса, келіссөзден жақсырақ ешқандай жол жоқ деп санайды.
Жаппай қырып-жоятын қарулар әлем үшін үлкен қауіп. Осы қарулардан туындайтын адамзатқа қарсы апаттың орын алуына тосқауыл қою үшін әлемдегі барлық елдер талпыныс пен ынтымақтастық жасауы керек.
Иран экономикалық тұрғыдан жаңа негіздерге ие ел болып табылады. Иран ортақ мүдде негізінде өзге мемлекеттермен кеңесіп, ынтымақтастық жасауға дайын» деді.