Теһран жұма намазының құтпагері халықтың 22 баһман шеруіне ержүректікпен қатысқанын мадақтады
(last modified Sat, 11 Feb 2017 10:15:10 GMT )
Ақп 11, 2017 16:15 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпагері халықтың 22 баһман шеруіне ержүректікпен қатысқанын мадақтады

Теһран жұма намазының құтпагері: «Иран халқы биылғы 22 баһман шеруіне жаппай қатысуы арқылы ислам революциясының арман-мақсаттарын қорғаудағы өзінің кесімді жолдауын ИИР-на қоқан-лоққы жасаушылардың құлағына жеткізді»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы тілшісінің хабарлауы бойынша, Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпагері аятолла Мұхаммад Имами Кашани: «Иран халқының отаршылдықтан құтылу, тәуелсіздікке қол жеткізу және ислам революциясының жеңуі үшін 1357 жылы (1979 жылы) жасаған жанпидалығы – тарихта бұрын соңды болмаған теңдессіз оқиға»,-деп қуаттады.

Аятолла Имами Кашани, сонымен қатар, АҚШ пен әлемнің басқа елдеріндегі АҚШ-тың жаңа Президенті Дональд Трамптың шешімдеріне қарсы халықтық наразылықтарға тоқталып: «7 ислам елі азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салу шешімі бұл елдің жаңа үкіметінің басты түйткілінің тек ислам екенін көрсетеді.

ДАИШ лаңкестік тобы  АҚШ пен оның аймақтағы одақтас елдерінде дайындықтан өткен. Олармен күресу мұсылман халықтарды жою мақсатында шетелдік күштерді аймақта орналастыруға сылтау болып табылады»,-деп мәлімдеді.