Велаяти: Трамптың қоқан-лоққылары Иранның қорғаныстық әлеуетінің дамуын тоқтатпайды
(last modified Sat, 11 Feb 2017 16:24:18 GMT )
Ақп 11, 2017 22:24 Asia/Almaty
  • Велаяти: Трамптың қоқан-лоққылары Иранның қорғаныстық әлеуетінің дамуын тоқтатпайды

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы жұма күні «Le Monde» газетінің тілшілері мен «France 24» хабар арнасына берген арнайы сұхбатында: «АҚШ президентінің қоқан-лоққылары ешқашан Иранның қорғаныстық әлеуетін дамытуды тоқтатуына себеп болмайды» деді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Әли Акбар Велаяти Иран ислам республикасының Американың жаңа үкіметінің Иранға қарсы қоқан-лоққылары мен санкцияларына мән бермейтіндігіне тоқталып: «Дональд Трамп  Американың бұрынғы президенттерінің жолы мен Иранға қарсы саясатын жалғастыруда» деді.

Велаяти Трамптың Американың бұрынғы президенттерінен жалғыз айырмашылығын Вашингтонның Иран ислам республикасымен дұшпандығын жариялау тәсілінде деп атап: «Иран халқы үлкен тарих пен өркениетке ие және қысымдармен бетпе-бет келуге дайын» деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Американың Иранға қарсы жаңа санкцияларына сілтеме жасап: «АҚШ Конгресі мен Сенатының Иран ислам республикасына қарсы санкция бекітуден өзге жұмысы жоқ сынды, бірақ олар өшпенділік шараларының Иран халқына еш әсері жоқ екенін білсін» деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы «Francе 24» хабар арнасы тілшісінің ислам республикасының зымырандық сынақтары туралы сауалына берген жауапта: «Иранның зымырандық сынақтар өткізудегі мақсаты қорғаныстық сипатқа ие әрі Иранның қорғаныстық әлеуетін күшейтуге негізделген» деді.