Иран мен Швеция қарым-қатынастарын кеңейтуге талпыныс жасауда
(last modified Sun, 12 Feb 2017 03:07:41 GMT )
Ақп 12, 2017 09:07 Asia/Almaty
  • Иран мен Швеция қарым-қатынастарын кеңейтуге талпыныс жасауда

ИИР президенті мен Швеция премьер- министрі екі елдің екіжақты, аймақтық және халықаралық байланыстарды кеңейту мақсатындағы Теһран-Стокгольмнің шынайы талабын қуаттады.

ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда Швеция премьер-министрі Стефан Лёве́нның қатысуымен өткен Иран мен Швецияның жоғары деңгейлі делегацияларының отырысында: «Швецияның ядролық стансалардың қауіпсіздігі мен стансалардың қауіпсіздік жабдықтары, сондай-ақ қалдықтарды басқару негізіндегі тәжірибесіне байланысты осы сала екі елдің ынтымақтастық негіздерінің бірі бола алады» деді.

Рухани сондай- ақ лаңкестікті аймақтағы ең маңызды түйткіл деп атап: «Осы түйткілмен күрестің алғашқы қадамы лаңкестерді тәрбиелейтін идеяларды жою болып табылады» деді.

Рухани Йемен халқының жағдайын аса қауіпті деп атап: «Ымыра орнату және шабуылдарды доғарумен қоса йемендік- йемендік келіссөздер өткізу үшін барша көмектесуі керек» деді.

Иран президенті сионистік режимнің әрекеттерін аймақта бейберекеттік пен текетірестің факторы деп атап: «Барша Палестина мәселесін үлкен бір жауапкершілік деп түсінуі керек»  деді.

Швеция премьер-министрі Стефан Лёве́н да осы отырыста Швецияның Иранмен сауда айналымы деңгейін санкцияларға дейінгі межеге жеткізуге мүдделігін мәлімдеді.

Лёве́н тараптардың "Ортақ қадам" келісіміне берік болу қажеттігін қуаттап: "Ортақ қадам" келісімін бұлжытпай орындау Стокгольмнің ең маңызды басты бағдарларына жатады» деді.