Салехи: Таяу Шығыстағы ең үлкен ядролық аурухана Иранда салынады
Иран ислам республикасының Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Таяу Шығыстағы ең үлкен ядролық аурухананың Иранда салынатынын хабарлады.
Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи бүгін, дүйсенбі күні Теһранда балалардың медициналық орталығын аралау барысында үкіметтің емдеу мен медицина саласына ерекше көңіл бөліп отырғанына тоқталып: «Атқарылып жатқан бағалы жұмыстардың бірі Таяу Шығыстағы ең үлкен ядролық аурухананың Иранда салынуы болып табылады. Оның бастапқы шаралары қарастырылуда.
Иранның ядролық ауруханасы қомақты инвестицияның салынуымен халыққа құнды қызмет ұсынатын үлгілі аурухана болады.
Иранның ядролық орталықтарын жаңарту шеңберінде ядролық ілім және технологиямен байланысты орталықтарға да көмек көрсетіледі. Осы негізде сындарлы шаралар жасалуда» деді.
Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы бүгін Теһрандағы сүйек жалғау, урология, сәбилердің урология зерттеу орталығын, зертхана және ядролық медицинаның негізі салынатын жаңа орындар мен Гамасел зертханасын, нәрестелердің жүрегіне ашық ота жасаудың арнайы күтім бөлімі мен балалардың медициналық орталығын аралады.