ИИР президенті жақында Оман мен Кувейтке сапармен барады
ИИР президенті сәрсенбі күні Оман патшасы мен Кувейт әмірінің ресми шақыруымен осы елдерге бір күндік сапармен барады.
Иран президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі төрағасының орынбасары Парвиз Исмаили дүйсенбі күні кешке: "Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі, ақпан айының он бесі күні Оман патшасы Кабус сұлтанның ресми шақыруымен осы елдің астанасы Масқатқа сапар шегеді" деп мәлімдеді.
Парвиз Исмаили Кабус сұлтанның Иран президентін ресми түрде қарсы алуы мен жабық есік түріндегі отырыс пен екі елдің жоғары дәрежелі делегацияларының келіссөздерін Руханидің Оманға жасайтын ресми сапарының ең басты бағдарламалары деп атап: "Иран президенті сәрсенбі күні түстен кейін Кувейт әмірінің ресми шақыруымен Масқаттан Кувейт қаласына жол тартады"деді.
Иран президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі төрағасының орынбасары Кувейт әмірінің ресми түрде қарсы алу рәсімдері, жабық есік түріндегі отырыс, екі ел делегацияларының келіссөздері мен Кувейттің премьер-министрі және Сыртқы істер министрімен кездесуді Руханидің Кувейт сапарының басты бағдарламалары деп атады.