Аракчи: Иран жаппай қырып-жою қаруларымен күрестің алдыңғы шебінде тұр
(last modified Tue, 14 Feb 2017 09:15:22 GMT )
Ақп 14, 2017 15:15 Asia/Almaty
  • Аракчи: Иран жаппай қырып-жою қаруларымен күрестің алдыңғы шебінде тұр

Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары: "Ирактың бұрынғы диктаторы Саддамның Баас режимінің Ирандағы қорғансыз, бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық шабуылдарының тарихы ешуақытта ұмытылмайды" деді.

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары сейіт Аббас Арақчи дүйсенбі күні кешке Теһранда Шизуко Тасуйа жазған "Иранның химиялық шабуылдардан зардап шеккен азаматтарымен бірге: халықаралық көмектерге 20 жыл" кітабының тұсаукесер рәсімінде: "Ирактың Иранға қарсы таңылған соғысында химиялық қарулар ауқымды түрде қолданылғаннан кейін әлемдік қауымдастық осы сұм құбылыспен күресу қажеттігін түсініп, химиялық қару өндіру, тарату және пайдалануға тыйым салу конвенциясын бекітті. Иран осы конвенцияны дайындап ұсынуда жетекші елдердің бірі болып, жаппай қырып-жою, әсіресе, химиялық қарулармен күресудегі әлем елдерінің арасындағы ең белсенді әрі ықпалды ел болды" деді.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары сонымен қатар жаппай қырып-жою қаруларын жасау және пайдалануды "өлім саудагерлерінің" өздерінің адамгершілікке жат мүдделерін қамтамасыз етудегі ой-пікірінің салдары деп атап: "Әлемдік қауымдастық химиялық шабуылдардан зардап шеккен ондаған мың ирандық және ирактық азаматтардың қайғы-қасіретінің тереңдігінен әлі де хабарсыз" деді.

Химиялық қарулардың құрбандарын қолдау ассоциациясының мүшесі Шизуко Тасуйаның еңбегі "Иранның химиялық шабуылдардан зардап шеккен азаматтарымен бірге: халықаралық көмектерге 20 жыл" кітабы Ирандағы химиялық қарулардың құрбандары мен олардың өмірі туралы баяндайды.

 

Тегтер