Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 18 Feb 2017 08:31:01 GMT )
Ақп 18, 2017 14:31 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: «Исламдық Иранның күш-қуаты Иран жүйесі мен халқының дұшпандарының астыртын әрекеттерінің барлығын залалсыздандырды»,- деп қуаттады.

Теһран жұма намазының құтпагері Казем Седдиқи Еуропа ісі жөніндегі басшысының ««Ортақ қадам» бағдарламасы болмағанда, Иранға қарсы соғыс қажет болар еді» деген уәждеріне сілтеме жасап: «Бұл – өтірік, себебі әлемнің Иранмен соғысуға шамасы келмейді. Иран халқы соңына дейін дұшпандарына қарсы тұрады»,- деді.

Теһран жұма намазының уақытша имамы Иранның әскери қуатына сілтеме жасап: «ИИР – әлемнің жетінші әскери күші»,- деді.

Сондай-ақ, Теһран жұма намазының құтпагері Халифе әулетінің Бахрейн халқына қарсы қылмыстарын айыптап: «Бахрейн халқының революциясы басылмайды. Бұл революция тәуелді режимді жеңіп шығады.

Бахрейн халқы еліндегі тәуелсіздіктің орнауын, сайланған үкімет пен үстемдіктің аяқталуын қалайды»,- деп қуаттады.

Теһран жұма намазының құтпагері Сауд әулеті режимін сынап: «Бұл режим өзінің халықаралық қолдаушыларының арқасында Йемен халқына қарсы қылмыстарын әлі жалғастыруда»,- деді.

Казем Седдиқи БҰҰ-ын Сауд әулеті режимінің қылмыстарына қатысты үнсіздік танытуын сынға алып, бұл ұйымнан Сауд әулеті режимінің қылмыстарын тоқтатуын сұрады.