Сақшылар корпусы қолбасшысының орынбасары Иранның зымырандарын санкцияның жемісі деп атады.
Иран ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшысының орынбасары Иранның баллистикалық зымырандарының көздеген нысаналарды атуға дайын тұрғанын мәлімдеді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшысының орынбасары бригада генералы сардар Хосейн Салами бүгін сәрсенбі күні ұзақ қашықтыққа қолданылатын және нысанаға дәл тиетін «Ғадир» H және F зымырандарын ату арқылы орындалған «Діни жетекшінің айбындылығы» жаттығуының соңғы кезеңінің жалғасында тілшілерге берген сұхбатта Иранда баллистикалық зымырандардың мол қоры бар екендігін айтып, оларды санкция жылдарының жемісі деп атады.
Сардар Салами зымырандардың зымырандық системалардың жауынгерлік әзірлігін сақтау мен жалғастыру үшін жасалатынын баяндай келе «Діни жетекшінің айбындылығы» зымырандық жаттығуының түрлі кезеңдерінің атқарылғанына сілтеме жасап: «Өткен күні зымырандар арнайы ұшыру орындардан атылды. Бүгін еліміздің орталығындағы шатқалдан ұшырылды» деді.
Иран ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшысының орынбасары «Діни жетекшінің айбындылығы» жаттығуының негізгі мақсаты мен үндеуін қорғану мен сақтану үшін қарулы күштер және діни жетекші билігінің қауіпсіздігін күзетушілердің талап- жігерін жариялау деп атап: «Осы зымырандар барлық исламдық жерлерге қауіпсіздік, тыныштық, қолдау және айбындылық сыйлайды» деді.