Зариф: Иранға қарсы қоқан-лоққылар әсерсіз
(last modified Mon, 20 Feb 2017 08:57:39 GMT )
Ақп 20, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • Зариф: Иранға қарсы қоқан-лоққылар әсерсіз

ИИР Сыртқы істер министрі Иранға қарсы қоқан-лоққылардың әсерсіз екенін және бұл елмен құрмет тілімен сөйлесу қажеттігін қуаттады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранның ядролық келісіміне қарсы сөздеріне білдірген реакцияда бұл келісімнің сақталатындығына сенімді екенін айтып: «Бұл – көпжақты келісім. Көпжақты келісімді қайта қарастыруға болмайды, өйткені бұл іс танылмаған дүниелерге есік ашу дегенді білдіреді.

Егер АҚШ біржақты негізде келісімнен шықса, Иран бұған жауап ретінде көптеген таңдау жолдарына ие»,-деп қуаттады.

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың жаңа Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесу ықтималын теріске шығарып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы сөйлесу үшін осындай кездесуге қажеттілік туындаған жағдайда Иран мен «алтылық» елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуін ұйымдастыру үшін арнайы механизм бар»,-деді. 

Зариф, сондай-ақ, 7 мұсылман елінің, соның ішінде Иран азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салынуы туралы: «Бұл шара бүкіл ирандықтарға, тіпті Еуропа Парламентінің ирандық мүшелеріне жауластықты білдіреді, өйткені Еуропа Парламентінің кейбір мүшелері мен министрлер Иранда дүниеге келген»,-деді.