Британдықтар шиіттер пен сүнниттердің арасына іріткі салуды көздеуде
(last modified Wed, 09 Mar 2016 15:01:22 GMT )
Нау 09, 2016 21:01 Asia/Almaty
  • Британдықтар шиіттер пен сүнниттердің арасына іріткі салуды көздеуде

Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы: "Британдықтар шиіттермен ежелден жау. Олар шиіттер мен сүнниттердің арасына іріткі салуды көздеуде" деді.

ИРНА- ның сәрсенбі күнгі мәліметі бойынша, Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы аятолла Мохсен Араки Теһранның батысындағы Қазвин облысының ғұламалары мен мазхабтық делегациялары және мәдени белсенділерінің пікірлесу мақсатында өткен отырысында: «Америкалық ислам мен британдық шиіттік Мұхаммед пайғамбардың нағыз исламы мен «алави» бағытындағы шиіттіктің алдындағы өте үлкен қос түйткіл болып табылады» деді.

Мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы исламдық өркениетке сілтеме жасап: «Ислам адамзат және адам тіршілігі үшін жаңа болмысты таныстырады, алайда үстемшілдер адам күшін астамшылардың нәпсісі жолында қолдануға тырысуда» деді.

Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының бас хатшысы Иран ислам республикасының исламның айбынын қорғайтынын баяндай келе, соңғы жеңістің Иран ислам республикасына тиесілі екендігін қуаттады.