Лариджани: Палестинаның мазлұм халқына шынайы қолдау көрсету керек
(last modified Tue, 21 Feb 2017 17:33:22 GMT )
Ақп 21, 2017 23:33 Asia/Almaty
  • Лариджани: Палестинаның мазлұм халқына шынайы қолдау көрсету керек

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: «Палестинаның мазлұм халқы әлем халықтары арасындағы басты жәбірленуші болып табылады. Оларға шынайы қолдау көрсету керек» деді.

Әли Лариджани сейсенбі күні Теһранда Палестина интифазасын қолдау жөніндегі алтыншы халықаралық конференцияның басталуында осы конференцияға қатысушы қайраткерлер мен әлемнің саяси тұлғаларына алғыс айтып: «Палестинаның мазлұм халқы көп жәбір көріп, бүгінде сионистік режим осы мазлұм халыққа қысымын арттырып отыр.

Израиль халықаралық заңдар мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын ескерместен, Кнессеттің  бекітуімен өзінің қалашықтар салуын арттырып отыр.

Израиль кейбір ислам елдеріне ықпал ету арқылы Палестина мәселесін ұмыттырып, негізгі дұшпан мен жанама дұшпанның орнын ауыстыруды көздеуде» деді.

Палестина интифазасын қолдау жөніндегі алтыншы халықаралық конференция Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің үндеуімен әлемнің 80 елінің қайраткерлері мен саяси тұлғаларының қатысуымен бүгін, сейсенбі күні Теһранда өз жұмысын бастады.