Ахунди: Иран аймақ пен әлемде тасымалды жеңілдетіп отыр
ИИР Жол және қала құрылысы министрі Еуропаның Транспорт және коммуникация министрлерінің Женевадағы отырысында Иранның географиялық жағдайын аймақ пен әлемде тасымалды жеңілдетуші деп атады.
Аббас Ахунди ИИР-ның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі аймақ пен халықаралық ынтымақтастық жасау ұстанымын қуаттап: «Иран Батыс Азия аймағының транзит инфрақұрылымын жетілдіру саласында маңызды рөл атқарады»,- деді.
Иранның Жол және қала құрылысы министрі сонымен бірге Еуропаның Транспорт және коммуникация министрлерінің Женевадағы отырысының аясында Еуроодақтың көлік жөніндегі комиссары Виолета Булкпен кездесті. Виолета Булк бұл кездесуде Еуроодақ пен Иранның ортақ экономикалық отырысының Брюссельде сәуір немесе мамыр айында өтетіндігіне тоқталып, Иранның Жол және қала құрылысы министрін отырысқа қатысуға шақырды.